Clearwindow,

write("Бригадир№1: "),

seh(br1,Y),nl,write(' ',Y),fail;

nl,write("Бригадир№2: "),

seh(br2,Y),nl,write(' ',Y),fail;

nl,write("цех: "),

seh(X,Y),nl,write(X,' ',Y),fail

№1 Зертханалық жұмыс тапсырмалары:

1. ата-ана қатынасы алдыңғы сурет 1-дегідей болса, Пролог-жүйесі келесі сұрақтарға қалай жауап қайтарады:

а) ? - ата-ана (джим, Х)

б) ? - ата-ана (Х, джим )

в) ? - ата-ана (пам, Х), ата-ана (Х, пат)

г) ? - ата-ана (пам, Х), ата-ана (Х, Y), ата-ана (Y, джим)

д) әже, ата қатынастарын анықтаңыз.

2. ата-ана қатынасына байланысты Прологта келесі сұрақтарды қалыптастырыңдар:

а) Паттың ата-анасы кім?

б) Лиздың баласы бар ма?

в) Паттың ата-анасының ата-анасы кім?

г) немере әпке, немере аға қатынастарын анықтаңыз.

3. Прологта келесі бекіту ережелерді трансляциялаңыз:

а) Кімде-кім әпке мен ағасы бар – әпке мен ағасы бар (қатынас).

б)Әрбір Х-тің, баласы болса, ол баланың әпкесі болса, онда оның екі баласы бар (екі баласы бар қатынасы).

4. ата-ана қатынасын қолдана отырып, немере бала, немере қыз, шөбере бала, шөбере қыз қатынастарын анықтаңыз (ата-ананың ата-анасы қатынасына ұқсас).

5. ата-ана және әпке қатынастары арқылы апа, көке қатынастарын анықтаңыз.

6.ата-аба қатынасының басқа вариантын қарастырайық:

Ата-баба(Х,Z):- ата-ана(Х,Z).

ата-баба(X,Z):- ата-ана (Y,Z), ата-баба (X,Y).

Осы анықтау дұрыс па: Сурет 5-тегі диаграмманы осы анықтамаға сәйкес өзгертуге болама? Жақын туысқандар қатынасын анықтаңыз.

7. Немере әпке, немере аға қатынастарын анықтаңыз.

8. Өгей шеше, өгей әке қатынастарын анықтаңыз.

9. Немере іні қатынасын анықтаңыз.

10. Ағам бар қатынасын анықтаңыз (туған немесе немерелес).

11. «Университет» құрылымын құр. Оқытушы-студент қатынасын анықта.

12. «Университет» құрылымын құр. Кафедра меңгерушісі қатынасын анықта.

13. «Университет» құрылымын құр. Декан қатынасын анықта.

14. «Университет» құрылымын құр. Ректор қатынасын анықта.



15. «Сессия» құрылымын құр. Жақсы оқитын студент (ең аз екі төрті бар) қатынасын анықта.

16. «Сессия» құрылымын құр. Екпінді студент (үші жоқ) қатынасын анықта.

17. «Сессия». Орташа студент (кем дегенде бір үші бар) қатынасын анықта.

18. «Кәсіпорын» құрылымын құр. Директор қатынасын анықта.

19. «Кәсіпорын» құрылымын құр. Қызметшілерді басқару бөлімінің меңгерушісі қатынасын анықта.

20. «Кітапхана» құрылымын құр. Оқырман қатынасын анықта.

21. «Кітапхана» құрылымын құр. Қарыздар қатынасын анықта.

22. «Кітапхана» құрылымын құр. Кітапханашы қатынасын анықта.

23. «Банк» құрылымын құр. Кредит қатынасын анықта.

24. «Банк» құрылымын құр. Депозит қатынасын анықта.

25.«Банк» құрылымын құр. Валюталық операциялар қатынасын анықта.

Зертханалық жұмыс №2

Айнымалылар.Құрылымдар. Сұрақтар.Факттер және ережелер

ПРОЛОГ-БАҒДАРЛАМАНЫҢ СИНТАКСИСІ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАСЫ

2.1. Айнымалылар
2.2. Құрылымдар
2.3. Салыстыру
2.4. Сұрақтар
2.5. Фактілер және ережелер
2.6. Бағдарлама орындалуының алгоритмі
2.7. Пролог-бағдарламалардың декларативтік мағынасы
2.8. Пролог – бағдарламалардың құрылымы

2.1. Айнымалылар

Прологта айнымалылар бас әріптен басталады және сандар мен тек латын әліпбиінің әріптерінен тұрады. Айнымалының арнайы түрі – анонимдік айнымалы, ол айнымалының нақты мәні болмағанда, предикат аргументі ретінде қолданылады. Айнымалы Прологта ақпаратты сақтау қоймасы болып табылмайды, ол сөйлем бар кезінде ғана бола алады. Бағдарлама орындалу барысында айнымалы жаңа мәндер қабылдай алады. Айнымалылардың мысалдары:



Х

Нәтиже

Нысан2

Қатысушылар тізімі

_х23

_23

Баласы бар(Х):-ата-ана(Х,У).

Мұндағы баласы бар қасиеті баланың атына байланысты емес, сондықтан да анонимді айнымалыны қолданған жөн:

Баласы бар(Х):-ата-ана(Х,_).

Біреудің баласы бар:-ата-ана(_,_).

Аттың лексикалық диапазоны – бір сөйлем. Бұл дегеніміз, егер, мысалы, Х аты екі түрлі сөйлемде кездессе, онда олар екі түрлі айнымалыны көрсетеді. Бірақ бір сөйлемнің ішінде бірнеше рет кездесуі, бір айнымалыны көрсетеді. Тұрақтылар үшін жағдай басқаша: бір атом барлық сөйлемдерде бір нысанды көрсетеді, басқаша айтқанда, барлық бағдарламада ол бір ғана нысанды көрсетеді.


5386371525322099.html
5386400756938005.html
    PR.RU™