Бақылау сұрақтары. 1. Алгоритм дегенiмiз не?

Предыдущая12345678910111213141516Следующая

1. Алгоритм дегенiмiз не?

2. Алгоритм құрылымына қарай нешеге бөлінеді?

3. Паскаль тілінде қандай стандартты функциялар бар?

4. Паскаль тiлiндегi бағдарламаның бөлімдері қандай?

5. Блок-схема дегенiмiз не, оған қандай геометриялық фигуралар қолданылады?

6. Вegіn және end түйінді сөздерінің аралығында не орналасады?

7. Оператор деп нені айтамыз?

8. Меншiктеу операторы, оның жалпы жазылуы қандай?

9. Берiлгендер мәнiн енгiзу операторы қандай?

10. Мәлiметтердi экранға шығару операторы қандай?

11. Сандық өрнекті тікелей есептеу қалай жүзеге асады?

12. Сандық өрнектің есептелу нәтижесін қалай көруге болады?

Зертханалық жұмыс

ТАРМАҚТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫМДЫ АЛГОРИТМДІ БАҒДАРЛАМАЛАУ

Жұмыстың мақсаты:тармақталған құрылымды алгоритмдерді бағдарламалауды оқып-үйрену, IF-THEN-ELSE операторлары танысу

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Теориялық мәліметтермен танысу.

2. Жеке нұсқадағы тапсырмаларды орындау.

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

4. Орындаған жұмыс туралы жазбаша есеп беру.

Теориялық бөлім

Есепті шешуде барлық уақытта сызықтық алгоритм түрінде өрнектеуге болмайды. Кейбір есептерді шешу кезінде бұл тәртіпті өзгертуге тура келеді. Осы мақсатпен басқаруды беру операторлары If, Then, Else, Goto операторлары қоладанылады.

If– шартты өту операторы. Егер шарт орындалса, онда Then операторынан кейін тұрған әрекет орындалады, ал шарт орындалмаса Else операторынан кейін тұрған әрекет орындалады. Оның жалпы жазылу түрі:

If шарт Then 1-әрекет Else 2-әрекет;

If – егер; Then – онда ; Else – әйтпесе;

Шартты өту операторының екі түрі бар: толымды шарт және толымсыз шарт.

2.1-сурет. Толымды және толымсыз тармақталу

Қадамдарының орындалу тәртібі белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты өзгеріп отыратын алгоритмді тармақталған құрылымды алгоритм дейміз. Паскаль тілінде тармақталған алгоритмді бағдарламлауда шартты оператор, шартсыз оператор және таңдау операторларды қолданылады.



Басқару операторлары бағдарлама қатарларының орындалу реттілігін өзгертеді. Олар шартты (тексеру), таңдау және цикл операторларына жіктеледі. Шартты оператор "Иә" немесе "Жоқ" деп жауап беруге болатын белгілі бір логикалық шартты тексереді. Егер оның нәтижесі ақиқат, яғни құптарлық болса (Иә), онда бір бағдарламалық тармақ орындалады. Тексеру нәтижесі жалған болған жағдайда (Жоқ), бағдарламаның басқа бір тармағы жүзеге асырылады. Мұнда есептің шартына байланысты тармақталу алгоритм-дерінің "Таңдау" не "Аттап өту" мүмкіндіктерінің бірі орындалуы тиіс. Бұл операторлардыңдың жазылу түрі:

IF THEN ELSE ;

ЕГЕР ОНДА ӘЙТПЕСЕ ;

Шарт операторы келесі алгоритммен жұмыс жасайды. Бастапқыда өрнегі орындалады. Егер нәтиже TRUE (ШЫНДЫҚ) болса, онда <оператор1>орындалады, ал қарастырылмайды. Егер нәтиже FALSE (ЖАЛҒАН) болса, онда керісінше қарастырылмайды, ал орындалады. Егер ELSE сөзінен басталатын шартты операторының бөлігі болмаса, онда басқару тез арада шартты оператордан кейінгі операторға беріледі.

Таңдау командасы. CASE операторы.Паскаль таңдау командасы қызметші сөзінен аяқталатын CASE M OF операторы арқылы беріледі де, END оперторынан соң нүктелі үтір қойылады. Мұндағы CASE(жағдай)- қызметші сөз; m real типінен басқа кез келген скалярлық типке берілген айнымалы (не өрнек). Оны сұрыптаушы деп атайды. OF бойынша деген мағынаны білдіретін қызметші сөз. (яғни CASE M сұрыптаушы бойынша таңдау операторы) m айнымалысының мәні жадыға осы оператордың орындалуынан бұрын енгізілуі тиіс. CASE операторының жазылу мысалы:

CASE M OF

1: Y:= 3*X+5;

2: Y:=X*X-6;

3:Y:=4*X;

END;

мұндағы m-integer, не 1..3 шектеулі типті айнымалы; 1,2,3- өздерінен кейінгі қос нүктеден соң жазулы операторды сұраптаушы тұрақтылар. Бағдарламаның орындалу кезінде алдымен m айнымалысының мәні жадыға ендіріліп, ол осы тұрақтылармен салыстырылады. Егер мән олардың бірімен тең болып шықса, онда осы тұрақтыға сәйкес оператор орындалады да case операторын орындау аяқталады. Егер m-ң мәні сұраптаушы тұрақтылардың ешқайсысымен тең болып шықпаса, case операторы орындамай тастап кетіледі. Оны компьютердің хабарлауы үшін case операторын аяқтайтын end-тің алдына else writeln операторын енгізіп қойған жөн.


5293529934153102.html
5293586750997066.html
    PR.RU™