Тұрақты дамудың әлеуметтік аспектілері

Жоспар:

1. Адам құқығы. Байлық пен кедейлік.

2. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі. Халықтың денсаулығын жақсарту.

3. Экологиялық білім мен тәрбие беру. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы.

Негізгі ұғымдар: ластану, жасанды әсер, азып-тозу.

1.Ең алдымен, сапалы білімнің бәріне бірдей қолжетімді болмауы. Соңғы он жыл бойы елімізде элиталық білім беру үрдісі белең алып, елдегі бүкіл назар дарынды балаларға арналған мектептерге, гимназияларға, лицейлерге бөліне бастады. Ал дәл осы кезде жалпы орта білім беретін қарапайым мектептердегі білім сапасы күрт төмендеді. Элиталық мектептерде білім сапасы жақсы, бірақ олардың саны қарапайым орта мектептермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Демек, еліміздегі оқушылардың басым көпшілігі сапасы төмендеп кеткен білім алып отыр. Мектеп бітірген соң, элиталық мектеп бітірушілер әртүрлі бағдарламалар арқылы шетелдік оқу орындарына түссе, қарапайым мектеп бітірушісі сол аймақтық деңгейдегі білім деңгейі өте төмен ортаңқол университеттерге, институттарға, колледждерге түседі. Нәтижесінде, кім қай жерге жұмысқа тұратыны айтпасақ та белгілі болып шығады.

Сондай-ақ еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жүйе байлардың байи, кедейлердің кедейлене түсуіне ыңғайлы жағдай тудырып отыр. Мәселен, жылжымайтын мүлікті қарастырайық. Еліміздің үлкен қалаларындағы тұрғын үй құны өте қымбат, оған жағдайы төмен отбасы ешқашан қол жеткізе алмайды. Жаңа соғылып жатқан үйлерді көбіне бақуатты адамдар сатып алады. Жаңа пәтерге қол жеткізе тұра, мұндай адамдар ескі пәтерін сатуға асықпай, оны жалға беруге тырысады. Тіпті кейбір адамдар ондаған немесе жүздеген пәтерді сатып алып, сол арқылы дүние табуда. Ал сол жүз пәтерді жалдап отырған 100 отбасы бүкіл табысын пәтер иесіне бере отырып, тұрақты түрде жағдайы нашар отбасы болып қала береді.



Дәл осы жағдай ауылдық жерлерде де қайталанып отыр. Ауыл-аймақтарда шаруашылыққа жарамды жерлердің бәрі санаулы адамдардың иелігіне өтіп, ауылдағы қарапайым тұрғындар мал жаятын не егін егетін жерге тапшы болып қалды.

Сонымен қатар бізде ақшасы жоқ, бірақ идеясы бар адамның кәсіпкерлікпен айналысып, үлкен компания ашуына мүмкіндік аз. Мәселен, АҚШ-та белгілі бір идеясы бар адам жақсы инвесторлар тауып, акционерлік қоғам құру арқылы қалтасында ақшасы жоқ болса да, ақыр соңында әлемнің ең бай адамдарының қатарына ене алады. Стив Джобс пен Билл Гейтс осыған үздік мысал.

Ал бізде бастаманы қолдайтын инвесторлар аз, жоқтың қасы десек те болады. Оған қоса, кәсіпкерлерді қолдауға арналған банк несиелерінің пайыздары да өте жоғары. Ал өзің тиын-тебен жинап, бір кәсіп бастайын десең, техника да, офис те, ғимарат та өте қымбат. Сатып алудан бөлек, олардың жалға алу құны да бастаушы кәсіпкерге қолжетімсіз.

Бұдан бөлек, экономикалық теңсіздікке, бай мен кедейге бірдей салық салынуы. Дамыған елдердің көбінде прогрессивтік табыс салығы енгізілген және ол бойынша неғұрлым көп табысқа қол жеткізетіндер табысының 40, 50 немесе тіпті 70 пайызына дейін мемлекетке өткізеді. Прогрессивтік табыс салығы біздің елде 2011 жылы енгізілді, алайда оның көлемі дамыған елдердікіне жетпейді. Табысыңыз 250 мың теңгеге дейін болса, салық – 10 %, 250 мың теңгеден жоғары болса – 15 %, 500 мың теңгеден жоғары болса – 20 %. Әрине, прогрессивтік салық ставкасын одан әрі көбейте беру дұрыс шешім болмауы мүмкін. Дегенмен бірнәрсені анықтап алу керек. Егер кәсіпкер жаңа бір нәрсе ойлап тауып, сол арқылы бүкіл әлемге өз тауарын сатып ақша тауып жатса, ондай кәсіпкерге тұсау салмай, одан әрі қолдау керек. Ал егер кәсіпкер қатардағы адамдар есебінен байитын болса, оған прогрессивтік салықты салуға болады. Мысалы, алып-сатар саудагерлер, жерін немесе үйін жалға беретіндер, несие берушілер – осылардың бәрі мемлекетке үлкен пайда әкеліп жатқан жоқ, тек қарапайым азаматтардың ақшасын жинап алу арқылы пайда табады.



Бай мен кедей арасындағы арақатынастың ұлғаюына әсер етіп отырған келесі бір фактор – ол мемлекетке түскен жүктің автоматты түрде қарапайым адамдардың жүгіне айналуы. Инфляция, девальвация, жанар-жағармай тапшылығы, экономикалық интеграция салдары секілді дүниелер әдетте қарапайым адамдарға қатты әсер етеді. Байларға мұндай дүниелер қатты әсер ете қоймайды. Мұны Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков та мойындап отыр. Оның айтуынша, Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ шарттары Қазақстандағы үлкен компанияларға қатты әсер ете қоймады, интеграция әсерінен болған тауар бағасының қымбаттау проблемасын тек қатардағы азаматтарымыз ғана сезінді.

Осы секілді факторлар әсерінен Қазақстанда бай мен кедей арасындағы айырмашылық өте үлкен деңгейде сақталып келеді.

2.Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында іске асырылды. Қысқа тарихи мерзімде әлеуметтік қолдаудың ескі механизмдері нарықтық экономикаға сай келетін және халықтың жарлы және осал топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын өмірге бейім жүйелеріне ауыстырылды.

1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке қажеттіліктеріне байланысты тұрмыстағы тіршілік әрекеттерін қолдауға бағытталған:

2. Әлеуметтік-медициналық қызметтер балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке бас жағдайын ескере байланысты азаматтардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған;

3. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке бас жағдайын ескере әлеуметтік үйренуіне, әлеуметтік және ықпалдастыруға бағытталған:\

4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: балаларды дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес оқыту және педагогикалық түзету;

18 жастан асқандарға тұрмыстық дағдыларға және қол өнер шеберлігіне үйрету;

5. Әлеуметтік еңбек қызметтері балалар мен 18 жастан асқан адамдардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, еңбек қызметін ұйымдастыруға және 18 жастан асқан адамдар үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған

6. Әлеуметтік-мәдени қызметтер демалысты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға балалар мен 18 жастан асқан адамдарды тартуға бағытталған.

7. Халықты әлеуметтік қолдау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық қызметтер балалар мен 18 жастан асқан адамдардың өмір сүру деңгейін қолдау мен жақсартуға бағытталған.

Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесіндегі реформалар көптеген мәселелерді шешуді қажет етеді. Қазіргі кезде елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында бір қатар нормативтік-құқықтық актілер, маңызды мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішінде күрделісі әрі өте байыптылықты талап ететін бағыт әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады.

Әлеуметтік қызметтер жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет етудің кешенді жүйесін құру, әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын өңдеу, осы салада бәсекеге қабілетті нарықты дамытудың құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларын жасау арқылы халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын әрі қарай көтермелеу.

Әлеуметтік реформаларға бағытталған әлеуметтік саясаттың нақты басымдықтары айқындалады. Сонымен қатар, 2006 жылғы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауының негізінде әлеуметтік қызмет көрсету саласын реформалаудың төмендегідей міндеттері алға қойылды:

─ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді заң негізінде регламенттеу және оның кешенді жүйесін ендіру;

─ арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандартарын өңдеу;

─ ақылы және ақысыз негізде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерінің тізімін анықтау;

─ мұқтаж азаматтардың категорияларын және оларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету критерийлерін анықтау;

─ арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде кешенді тәсілді жүзеге асыруда халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдарының құзыретін бөлу;

─ арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жеке меншік секторы мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын және әлеуметтік сала қызметтерінің біршама түрін бәсекелі нарыққа біртіндеп шығаруды нормативтік тұрғыда негіздеу;

─ медициналық-әлеуметтік мекемелерді деинституттау және шағын мекемелер жүйесін әрі қарай дамыту;

─ конкурстық негізде әлеуметтік қызметтер кешенін тендерлік сату үлгісін ендіру;

─ арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін бағалау, бақылау және есеп берудің тетіктерін өңдеу және нормативтік тұрғыда регламенттеу;

─ әлеуметтік қызмет нарығына бақылау жүргізу және жоспарлау жүйесін дамыту;

─ әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтермелеу;

─ арнаулы әлеуметтік қызметті тұтынушы мен ұсынушы жөнінде мәліметтердің ақпараттық қорын құру.

Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету жүйесін реформалау бір қатар қажеттіліктерден туындайды. Атап өтсек, біріншіден, халықтың жалпы санында осы дәрежедегі адамдардың үлесімен және жағдайымен байланысты.

Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету жүйесін реформалаудың екінші қажеттілігі - әрекет етіп жатқан жүйенің кемелсіздігімен байланысты:

1. арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету саласында мемлекеттік монополияның сақталуы;

2. бүгінгі күнге дейін көрсетіліп жатқан қызметтердің көлемін және сапасын, әлеуметтік қызмет етуді ұйымдастыруды анықтайтын әлеуметтік қызметтерді көрсетудің негізгі мемлекеттік стандарттары өңделмеген;

3. қызметті тұтынып жатқан тұлғалардың заманауи талаптары мен қажеттіліктеріне әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесінің инфрақұрылымы толыққанды жауап бермейді;

4. әлеуметтік қызметкерлер институтының дамымауы.

Қазіргі индустриалдық даму кезеңіндегі экономикалық, әлеуметтік және рухани жетістіктер арнаулы әлеуметтік көмек жасау мен әлеуметтік қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіре түсінуі тиімді алғышарттар қалыптастырып келеді.

Дамыған елдердің аталған салалардағы қол жеткен табыстары жалпы адамзаттық құндылықтардың мазмұнын кеңейтеді; ұрпақтар тәрбиесін дамытуға, отбасындағы әртүрлі жағдайларды реттеуге және оларды әр елдің қоғамдық өмірінде жергілікті территорияларында қалыптасқан салт-дәстүрге сәйкес атқаруға мүмкіндіктер ашады.

3.«ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде: «Білімді, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеяалардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек, бұл түсінік ұстаздар үшін өздерінің біліктілігі мен білімділігін арттыруды талап ететін басты міндет.

Қоғамның дамуы ұстаздар үшін - бұл мәселе, яғни бүгінгі заман талабына сай мамандар даярлау қажеттігі міндетін алып отыр. Міне, осы міндеттерді орындау үшін ұстаздар үздіксіз ізденісте бола отырып, оқытудың яғни жаңаша маман даярлаудың жаңа әдіс-тәсілдері мен инновациялық технологияларын қолдануы қажет.

Ал, қазір халықаралық деңгейге көтеріліп отырған қоршаған орта жағдайы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне әкеледі. Адамзат өркениетінің дамуының әр түрлі кезеңдерінде адам мен табиғат арасындағы қатынастардың түбегейлі өзгеріп отырғаны белгілі, ал өзінің түр ретінде ерекшеленуінің алғашқы кезеңдерінде көптеген консументтердің бірі ғана болған. Уақыт өте келе басқа түрлердің саны мен өнімділігіне ғана ықпал етіп қоймай, тіршілік ортасының көптеген параметрлерін өзгерте алатын түрге айналды.

Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.

Елбасының қолдауымен қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды. Соның ең маңыздысы «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» (2003ж.) Көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді. Экологиялық білім беру адамзат қауымының қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу бастапқы орын алады. Әуелден әр түрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің өзін қоршаған жансыз табиғатпен және тірі табиғатпен қарым-қатынасын зерттеумен шұғылданып келген экология ғылымының даму логикасы, ерте ме кеш пе, оны адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынастары проблемасымен шұғылдануға жетелеп әкелуі тиіс еді, себебі адамзаттың ортамен қарым-қатынасы қаншалық алшақтап кетсе де, ол биосферада белгілі бір орын аталатын күрделі жүйенің бір бөлігі болып қала береді.

Егер өз кезегінде экология - тірі органзимдерінің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым, мемлекеттік стандарт негізінде енгізілген. Экология шеңберіндегі қоршаған орта туралы ілім курсы жер бетінде тіршіліктің пайда болу сәтінен бастап, қазіргі ғылыми техникалық дамыған кезеңге дейінгі аралықты қамтитын пән. Яғни бізді қоршаған ортаның қомақты мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ әр бір организмнің ортасы - оны қоршаған көптеген органикалық және бейорганикалық элементтері мен шаруашылық нәтижиесінде түзілген. Ғылымның әр түрлі салалары мамандарының экология пәнін оқуы оларға қоршаған ортаны қорғау және табиғат рессурстарын тиімді пайдалану жолдарын үйретеді.

Биосфера мен адамзат өркениетінің келешегіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, тығырықтан шығудың жолдарын қарастыратын мамандар даярлау бүгінгі күн талабы. XХ -сыншы және ХХI ғасырдың түйісінде әлемдік және аймақтық әлеуметтік-экологиялық проблемалардың лайықты шешілуі «орнықты даму» түсінігімен байланыстырып отыр. Біздің ойымызша әрбір маманды экологиялық сауатты азамат ретінде тәрбиелеу “орнықты даму” ұғымының шешуі. Ал, “экология” пәні жеке мектеп бағдарламасына енгізілмеген. Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін басқа пәндерде тақырыпқа сәйкес пәнаралық байланыс негізінде немесе жеке үйірме, факультативті сабақ түрінде жүргізіледі. Ұсынылып отырған модуль шеңберінде педагогтар экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жұмыс жүргізе алады. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдері тек экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады. Осы орайда елімізде жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыру барысында ұстаздың тапқырлығы мен жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үрдісінде пайдалана алу ептілігі-бүгін күн тәртібіне қойылуы - орынды жағдай. Сондықтан да мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру барысында модульдік технологияны пайдалануға болады.

Модуль дегеніміз -міндетті түрде оқушының білімі мен біліктіліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді құрастыру кезінде пәннің жұмыс бағдарламасы негізге алынады. Пәннің тақырыптарына сәйкес немесе өзара байланысты тақырыптар болады. Көбіне біздің тәжірибелерімізде тақырыптарға сәйкес мәселелер сыныптан тыс қарастырылып отырады. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлеу және қорытынды. Біз ұсынатын модуль «сабақтың түрлері, құрылысы» тарауына арналған.

Сабақты өткізу барысында оқушыларға өсімдіктің тірегі сабақ екенін, яғни ол жер асты және жер үсті мөшелерін қосатын дәнекер екенін дәлелдеу, өсімдіктің жер асты жер үсті мөшелерімен таныстыра отырып, өсімдікке қажетті орта жағдайлары мен сабақтың түрлері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушылардың сабақ туралы білімін тереңдету.

Тәрбиелілігі: өсімдіктер үшін сабақтың маңызын түсіндіре отырып, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу мақсатында қолданылған бұл сабақтардың бірі. № 2- сабақ: өсімдік тірегі сабақтың түрлері, өсімдікке қажетті орта жағдайлары тақырыбында – «сұрақ-жауап» оқыта, көрсете үйрету ойыны арқылы жүзеге асады.

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тіршілігі үшін сабақтың маңызын айқындау. Өсімдіктің жер асты және жер үсті сабақтары мен (түрі өзгерген сабақтармен) олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Өсімдік көп түрлілігімен таныстыру. Оқушылардың өсімдіктер туралы білімін дамыта отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер. Оқушылардың өзіндік эмблемалары, және сабақ түрлерінен гербарийлер жинақтау үшін сеткалар мен картондар.

Оқушылармен топ құра жинақталып, саяхат барысында жеке қауіпсіздігіне аса назар аудару қажеттігін түсіндіру. Сабақ өсімдік тірегі атты сыныпта өткен тақырыбын әңгімелей отырып, тірек сызбаларды еске түсіру. Сынып екі топқа біріктіріледі. Ойын шартымен тапсырма түрлерімен таныстыру. Топтар тапсырмаларды таңдап алады да оларға белсенді түрде кіріседі. Топ тапсырмалары бойынша жұмыс үстінде саяхат барысында қойылған сұрақтарға, сабақ түрлерін мысалға келтіре отырып жауап беріп отырады. Бұдан соң мұғалім тақырып мазмұнына сәйкес өсімдіктің өсу бағытымен – қарапайым күрделі сабақтармен таныстырып, көрсетіп шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын ауызша және жазбаша тілін дамытуға сүйене отырып түсіндіреді.

Әр топ өз тапсырмаларын мұқиат орындап, гербарилер жинақтайды. Табиғат жағдайына, биологиялық ырғақтылыққа аса назар аударылады. Табиғат аясында өсімдіктердің маңызы туралы сұрақ-жауаптар қойылып пікір-талас өткізіледі. Әрбір топ өз тапсырмалары негізінде күнделіктеріне белгілер қояды. Бұл сабақ модульдің сөйлесу бөліміне кіргендіктен сабақтың ұйымдастырылу формасы сыныптан тыс әр оқушы белсенді әңгімелесу үстінде болады. Әрбір топ мүшелері өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрлысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, бір-біріне табиғат құбылыстары сабақ түрлерін көрсетуі мен түрлі ғылыми көздерді пайдалануы жұпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде венн диаграмасын, сөзжұмбақ, бейнесөз, сөзтізбек, шытырман, сурет-тапсырма, сұраќ-жауап, тест-тапсырма, сынақ тақырыптың ерекшелігіне орай шығарма немесе диктант пайдалана отырып, модульді қорытындылау 5-сабақта тапқырлар әлемі бөлімінде беріледі.

Қорыта келгенде, экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді. Егер жоғарыдағы айтылғандай әрбір сабақ сыныпта және сыныптан тыс жүйелі болса, оқыту технологиясының құрылымының мынадай нұсқасын көреміз:

1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;

2. Балалардың тапсырманы немесе модульді таңдауына белсенді қатысуы;

3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндай келе, миға шабуыл технологиясын пайдалана отырып, тақтаға белгілер жүйелері – сызбалар, тақырып бойынша сөздер т.б.түсіру;

4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының іс-әрекетін әр сабақта бағалап отыру;

5. Жалпы тақырыпқа, тарауға қайта оралу негізінде оқу материалын бекітуде оқушылардың белсенділігі;

6. Сыныптан тыс белсенділік жүйесінде оқушыларды табиғатты қорғауға шақыру;

7. Сыныптан тыс белсенді тапқырлар жүйесінде оқушыларды ғылымға баулу;

8. Сабақты әр түрлі ойын түрінде өту - оқушылардың белсенділігінің артуына бірден бір себеп;

9. Оқушылардың танымдық, тапқырлық іс-әрекетін пайдалана отырып қорытындылау;

10. Екі топ өз тапсырмаларын венн диаграмасын пайдалана отырып қорытындылау.

Сонымен грек тілінен «өнер» туралы ғылым мағынасын беретін технология ұғымы педагогикалық процесінде катализатор қызметін атқарады деуге болады. Әрине, оның нәтижелі болуы педагогтың шеберлігіне, оқушылар континентіне, тіпті оқушылардың таным ерекшеліктері мен көңіл-күйіне байланысты екені сөзсіз.

Лекция

Тұрақты даму мақсатында ғаламдық ынтымақтастық

Жоспар:

1. Азаматтық қоғамның дамуы.

2. Үкіметтік емес ұйымдардың іс-әрекеті. Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау.

3. Қазақстан Республикасының халықаралық экосаясаты. «Жасыл көпір» атты Астаналық бастама.

Негізгі ұғымдар: азаматтық қоғам, жасыл көпір, экосаясат

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты.

Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды

2.Әлемдегі әр халықтың шипагерлік тарихының тамыры б.д.д. дами бастаған. Оның өзіндік ерекшеліктері, ұлттық формасы және емдік әдіс-тәсілдері де болды. Ол алғашқы б.д.д. қарапайым түрде пайда болып, біртіндеп сатылық жүйеде өркендеп дами бастады. Халықтық шипагерлік жүйесі өте қиын кедергілерге душар болғанына қарамастан, ол ашық және жасырын түрде дами бастады. Осының нәтижесі халықтық шипагерліктің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына мүмкіндік туғызды. Сол заманнан бастап ауру қайдан пайда болады, оның себеп-салдары неден деген сұрақтар ұзақ уақыт бойы адамзатты ойландырды, одан жазылып шығу жолдарын, сақтану жолдарын іздеп табуға ынталандырды. Бұл дами келе денсаулықтың қалыптылығы оның тәннің биоөрісінің тепе-теңдігі екендігі анықталды. Бұл тепе-теңдіктің адам жанының тазалығына және тұлғалық бітімінің көркемдігіне үлкен әсері барлығы анықталды. Бүгінде денсаулықты жақсартуда биоэнергетикалық жүйемен реттеу жолдары оның адамның психикасы мен денсаулығына кері әсері мен пайдалы жақтары зерттеліп, өндіріске енгізілді. Адам қуатының сарқылуына биоэнергетикадағы вампирлік, зомбилық, кармалық, дұға, көз тию сияқты кері әсер күштерінің тәннің биоқуатының тепе-теңдігін бұзатындығы толық анықталды. Бүгінде қарапайым халық та дәрісіз өзін-өзі емдеу және емделу жолдарын, сақтану, қорғану жолдарына бағыт беретін арнайы ұлттық тілде жазылған оқулықтар болмады. Басқа тілде жазылғандарды түсіну қиындыққа түсірді. Ең қарапайым ем жүйесі әуенмен емдеу, хош иістермен емдеу, астрологиялық әуенмен емдеу, балдың емдік қасиетін пайдалану, балшықтың табиғи емдік тәсілдерін, асыл тастармен, әріптік-дыбыстық әсермен, медитация әдістерімен, рухани емді қолдану әдістерімен жоғарыдағы айтылған адамның биоэнергетикасына әсер ететін кері күштердің келтірген зияндарын емдеуге болатындығы анықталды. Емшілер үшін өзінің емдеу мәдениетін көтеруде жоғарыдағы әдіс-тәсілдерді пайдалану оларға сырқат жандардың сенімін арттырып қана қалмастан, абыройларын көтеріп, білімділіктерін өсіреді. Кеңес заманында тарихы жазылмаған, қазақтың халық медицинасы бүгінде тамырын жайып, елімізден тысқары шетелдерге де таныла бастады. Халықтық шипагерлікте емдеу мәдениетін көтеруде ең бастысы сөз шеберлігі мен тазалық және білімділік пен кішіпейілділік басты талаптардың негізгісінің негізгісі болып табылады. Бұл еңбекті пайдаланатын әрбір жеке адам өзінің жеке өмірінің денсаулығын жақсартып қана қалмастан басқа да азаматтарымыздың денінің сау болуына үгітші болғаны оның адамгершілігінің белгісі. Қорыта келгенде, адамның денсаулығының жақсаруына, сырқатын емдеуге арналған әртүрлі емдік шипалық әдіс-тәсілдердің пайдасын түсінген адамның ұтары мол.

3.Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасы Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің арасындағы серіктестікті нығайтып, оң нәтиже береді және қолданыстағы аймақтық бағдарламалардың тиімділігін арттырады. БҰҰ басшыларының, Еуропадағы «жасыл экономика» көшбасшылары – Германия, Франция, Италия, Испания, Азиядағы – Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, сонымен бірге АҚШ және Канаданың қолдауына сүйене отырып, Қазақстан Орталық Азияда осы модельді белгілеп, іс жүзіне асыратын болады. Бұл бастама қатысушы мемлекеттерге ғана емес, сонымен бірге, шетелдік инвесторларға да және басқа да серіктестерге нақты экономикалық табыс әкелетін болады. Бұл модель іс жүзінде өте күрделі және өзара байланысты проблемалар кешені – энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Еуропа мен Азияның арасындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан және ол орнықты даму, экологиялық даму бағытын ұстанады. Халықаралық серіктестермен бірлескен ынтымақтастыққа бар күш-жігерімізді салатынымызды айтқым келеді, соған уәде береміз. Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасы Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің арасындағы серіктестікті нығайтып, оң нәтиже береді және қолданыстағы аймақтық бағдарламалардың тиімділігін арттырады.

Бүгінде әлемдегі экологиялық проблемаларды трансшекаралық маңызға жатқызуға болады. Оның ішінде су ресурстарының мәселесі мен «Жасыл даму» проблемаларын ескеру қажет. Бірде-бір ел климаттың өзгеруі проблемасын жеке дара шеше алмайды. Бұл тұрғыда біз баршамыз күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет.

Қазіргі таңда кейбір халықаралық ұйымдар Астана бастамасына кіретін ілкі жобаларды қолдауға дайын. Бұл бастама сөз жоқ РИО-20 саммитінде талқыланады, талқыланып қана қоймай ол бойынша нақты жобалар да ұсынылады деген ойдамын. Жалпы «Жасыл көпір» бағдарламасының мән-маңызы «жасыл» технологиялар Еуропадан Азия елдеріне көшіп, осы өңірдің климаттық жағдайларына қоршаған ортаны ластамайтындай болып бейімделуі керек. Сонда ғана бұл үдеріс екіжаққа да тиімді болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Асқарова Ұ.Б., Экология және қоршаған ортаны қорғау. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007. – 314б.

2. Т.Р.Рыспеков Экологический мониторинг природной средыАлматы: Қазақ университеті, 2005. — 368 с.

3. Алишева К.А. Экология: Учебник / К.А. Алишева.- Алматы: HAS, 2006.- 304c. (Общее кол-во-24,УК-20,Ост.-4)

4. Ақбасова Ж.А., Саинова Г.Ә. Экология Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2003. –2 92 бет.

5. Баешов А. Экология және таза су проблемалары. Оқулық – Алматы: «Дәнекер», 2003. – 224 б.

Қосымша:

6. Хотунцев Ю.Л. Экология и экологическая безопасность: Учебн. пособие для студентов высш. пед. учеб. заведений. – 2-е издаение., перераб. – М.:Издательский центр «Академия», 2004. – 480 с.

7. Панин М.С. Экология Казахстана: Учебник для вузов / Под ред. Байтулина И.О. – Семипалатинск: Семипалатинский государственный педагогический институт, 2005. – 548 с. Табл. 123 Ил. 99 Библ.: 587 назв.

8. Юридический справочник, электронной системы «Юрист». 2003 год.

9. Чигаркин А.В. Введение в прикладную экологию: Учеб.пособ.для студ. экологических специальностей ун-тов / А.В. Чигаркин.- Алматы: Қазақ университетi, 2002.- 136с.

10. Чигаркин А.В. Геоэкологи и охрана природы Казахстана: Учебное пособие / Чигаркин А.В.- Алматы: Қазақ университетi, 2003.- 337с

11. Будыко М.И., Глобальная экология. – М.: Мысль. 1987. 235c.

12. Петров К.М., Общая экология. Учебное пособие. - С-пб.: Химия, 1997.342c.

13. Шилов М.А. Экология. – М.: Высшая школа, 2000.159c.

14. Алексеев С.В., Груздева Н.В., Муравьев А.Г. и др. Практикум по экологии. Учебное пособие. – М.: АО МДС, 2001.367с.

15. Постановление правительства РК «Об утверждении положения государственном мониторинге недр РК» от 27.01.97г.

16. Закон «Об особо охраняемых природных территориях РК» от 15.07.1997г.

17. Закон РК «Об охране окружающей среды

18. Асқарова Ұ.Б., Экология және қоршаған ортаны қорғау. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007. – 314б.

19. Т.Р.Рыспеков Экологический мониторинг природной средыАлматы: Қазақ университеті, 2005. — 368 с.

20. Алишева К.А. Экология: Учебник / К.А. Алишева.- Алматы: HAS, 2006.- 304c. (Общее кол-во-24,УК-20,Ост.-4)

21. Ақбасова Ж.А., Саинова Г.Ә. Экология Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2003. –2 92 бет.

22. Баешов А. Экология және таза су проблемалары. Оқулық – Алматы: «Дәнекер», 2003. – 224 б.

23. Хотунцев Ю.Л. Экология и экологическая безопасность: Учебн. пособие для студентов высш. пед. учеб. заведений. – 2-е издаение., перераб. – М.:Издательский центр «Академия», 2004. – 480 с.

24. Панин М.С. Экология Казахстана: Учебник для вузов / Под ред. Байтулина И.О. – Семипалатинск: Семипалатинский государственный педагогический институт, 2005. – 548 с. Табл. 123 Ил. 99 Библ.: 587 назв.

25. Юридический справочник, электронной системы «Юрист». 2003 год.

26. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу қуралы. Алматы, «Кайнар»,1990.361с.

27. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тили», 1991. 189с.

28. Горелов А.А. Экология. Курс лекций. Москва, «Центр», 1997.

29. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология. Санкт-Петербург, «Химия», 1996. 325с.

30. Чурилова Е.А. Колосова Н.Н. Картография с основами топографии: Практикум. –М.: Дрофа, 2004.

31. Южанов В.С. Картография с основами топографии. М.: Высшая школа, 2001.

32. Тлеубергенов С.Т. Полигоны Казахстана. – Алматы: Ғылым, 1997 г.

33. Веселов В.В. Эколого-мелиоративные проблемы использования водных ресурсов бассейна озера Балхаш / В.В. Веселов, А.Г. Бегалиев, Г.М. Самоукова.- Алматы:

34. Гридэл Т.Е. Промышленная экология: Учеб.пособие для вузов / Т.Е. Гридэл, Б.Р. Алленби; Пер.с англ. под ред.проф.Э.В.Гирусова.- М.: ЮНИТИ-

ДАНА, 2004.- 527с.

35. Карабасов Ю. Экология и управление: термины и определения / Ю.

Карабасов , В. Чижиков , М.Б. Плущевский; Под науч.ред. Ю.С.Карабасова.-

М.: МИСИС, 2001.-


5292708078364258.html
5292753884292683.html
    PR.RU™